26 декабря 2023 г. 13:04

Қуандық Бишімбаевтың әкесі мәлімдеме жасады (видео)

Фото:

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев Live Youtube-арнасында мәлімдеме жасады. 

Алматы, NEGE. Мәлімдемеде Уәлихан Бишімбаев ұлының Салтанат Нүкенованы өлтіргісі келмегенін айтты. 

– Ең алдымен, отбасымның атынан Нүкеновтер отбасына қайғыра көңіл айтамын. Бұл – орны толмас қайғы. Өздеріңізге белгілі, 9 қарашада қайғылы жағдай болды. Нүкеновтер қызын жоғалтса, біз келінімізді жоғалттық. Ұлымыз тергеліп жатыр. Бұл жағдай болғаннан бастап, БАҚ-та шыққан жаңалықтарға талдау жүргізіп келемін. Журналистер мен блогерлер жазбасын оқып жүрмін. Әр азаматтың сөз еркіндігі бар, бірақ қоғамды тергеудің жария етілмейтін құпиялығына назар аудартқым келеді. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша соталды тергеу ісі жария етілмейді. 

Ата-ана ретінде біз ұлымыздың Салтанатты өлтіретін ойы болған жоқ деп ойлаймыз. Екеуі отбасын құрғысы келді. Өздеріне ыңғайлап пәтерінде жөндеу жұмыстарын бастаған. Гардеробты Салтанат үшін кеңейтуді жоспарлаған. Екеуі де толыққанды отбасы болу үшін бала сүюді армандайтын. Шыны керек, сол қорқынышты күн – 9 қарашада нендей сұмдықтың болғанын, біз өзіміз де білмейміз

Ұлым жасаған ісіне сай әділ жазасын алуы керек. Әке ретінде ұлым үшін қатты уайымдаймын, бірақ оны ақтамаймын. Мен оны ақтап алу үшін жоғары лауазымды адамдардың алдына барған жоқпын, бармаймын да. Осы орайда «Гиперборей» каналына жеке тоқталғым келеді. Ол жерде фактілер бұрмаланып, ойдан шығарылған болжамдар айтылады. Тіпті «Бишімбаев жазадан қалай жалтарып кетпекші?!» деген мәселе көтеріледі. Мәселе мынада, мен ұлымды қандай жолдармен жазадан жалтарта аламын? Мемлекеттік органдардан арашалай алам ба? Тергеуден, сот органдарынан және тағы басқаларынан жалтара аламыз ба? Бұл біздің отбасымызға ғана емес, мемлекеттік, құқық қорғау органдарына да жабылған ашық жала. Біздің заңнама бойынша мұндай жалаға жауапкершілік қарастырылған, – деді Уәлихан Бишімбаев. 

Тегтер: