«Қуандық ағада арман жоқ шығар» – Қайрат Нұртастың жары не бүлдірді?
Жұлдыз Әбдікәрімованың белгілі актер Қуандық Шәкіржановпен бірлесе түсірген бейнежазбасы жұрттың сынына қалды.
Алматы, NEGE. Бұған дейін белгілі продюсер Баян Мақсатқызымен сүйісіп, біраз сөзге қалған Шәкіржанов енді Қайрат Нұртастың жарымен бейнетаспа түсіріп тарту етті. Әзілге құрылған шығарылымға «Тақиялы періште» фильміндегі диалог арқау болған. Шағын туындыны Шәкіржановтың инстаграм парақшасынан көрген жұрт «тамаша шықты» десе, енді біреулері «әкеңдей адам ғой» – деп Жұлдызды жерден алып, жерге салды.
«Баян апайыңызды тастап кеттіңіз ба не?», «Дегенмен үлкен еркекпен ерсі көрінеді екен. Актриса ең нашар мамандық қой қыз балаға. Әр істі саралап салу керек сияқты», «Күшті! Бірақ Қайрат қызғанып қалмасын», «Әкесімен жасты ғой», «Қуандық ағада арман жоқ шығар, біресе – Баян, біресе – Жұлдыз», – деп жазды желідегі жұрт.