Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысқан прокурорлар марапатталды

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушылар – Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков Республика күніне орай мемлекеттік наградаға ие болды.

Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Республика күнін мерекелеу құрметіне Бас прокуратурада салтанатты жиналыс өтті.

Ұлттық мереке қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар прокурорлардың заңдылықты және құқық тәртібін нығайтудағы еңбегі мемлекеттік наградалармен атап өтілді. Сондай-ақ, Бас Прокурордың бұйрығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін прокуратураның ерекше көзге түскен қызметкерлері мен жұмыскерлері ведомстволық медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Олардың ішінде Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушылар – Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков те бар. 

Олар Бас прокурордың ұсынысымен Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін