Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жолданды

Әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген айыппен қамауда отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.

Бұрынғы Экономика министріне екі бап – «Азаптау» және «Аса қатігездікпен адам өлтіру» бойынша айып тағылып отыр.