ҚТЖ орталық аппаратының құрылымы өзгерді

«

Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) ҰК» АҚ орталық аппаратының құрылымы өзгерді, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Астана. NEGE. "Самұрық-Қазына" АҚ әзірлеген іс-шаралар жоспарына сәйкес, "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесі компанияның орталық аппаратының жаңа құрылымын бекітті», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Сонымен, басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып Қанат Әлмағамбетов, басқарма төрағасының стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып Әнуар Ахметжанов, қаржы жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Даир Көшеров, логистика жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Ерлан Қойшыбаев, жаңа жобалар бойынша басқарушы директордың міндетін атқарушы Ерсайын Нағаспаев, өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Бауыржан Орынбасаров, аппарат басшысының міндетін атқарушы болып Серік Кеулімжаев тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен