ҚТЖ филиалының біріне қарасты департамент басшысы ұсталды

«ҚТЖ ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясының» Жолдар мен құрылымдар департаментінің директоры ұсталды.

Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, директор ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде жалпы қолдау көрсеткені үшін аумақтық бөлімшелердің басшыларынан ақша алып келген.

Алынған ақшаның бар көлемі - 5 миллионнан астам теңге. Соттың келісімімен күдікті қамауға алынды. Айыптау бойынша соңғы шешімді сот анықтайды, деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады