ҚТЖ жолаушыларды тасымалдауға қосымша 13 пойыз бөлді

Қолайсыз ауа райы салдарынан тасжолдарда уақытша қозғалыс шектеулері енгізілді. Осыған байланысты ҚТЖ жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында 13 қала маңындағы пойыз тағайындады, деп ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан темір жолы

Астана, NEGE. Қолайсыз ауа райы жағдайында теміржол көлігі ең сенімді әрі қауіпсіз қатынас түрлерінің бірі болып саналады.

Жолаушыларды тасымалдау үшін пойыздар мына бағыттар бойынша қатынайды:

Астана – Павлодар бағыты бойынша:
• №7502 Астана – Павлодар
• №6832 Астана – Павлодар

Павлодар – Астана бағыты бойынша:
• №7501 Павлодар – Астана
• №7509 Павлодар – Астана

Астана – Жалтыр / Атбасар бағыты бойынша:
• №6804 Атбасар – Астана
• №6831 Астана – Жалтыр

Астана – Көкшетау бағыты бойынша:
• №7515 Астана – Курорт Бурабай
• №6830 Көкшетау – Астана
• №7508 Көкшетау – Астана
• №7516 Курорт Бурабай – Астана

Астана – Қарағанды бағыты бойынша:
• №6858 Астана – Қарағанды
• №6856 Астана – Қарағанды

Қарағанды – Астана бағыты бойынша:
• №7553 Қарағанды – Астана

ҚТЖ жолаушыларды сапарын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.

Қазір оқып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?