ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат
Decaf. подкастының жаңа шығарылымында Құрылтай депутаты, Жоғары аудиторлық палатаның бұрынғы төрағасы және ҚТЖ директорлар кеңесінің экс-мүшесі Наталья Годунова ірі көлемдегі қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруды қиындату қажет екенін айтты. Бұл, әсіресе, қосалқы мердігерлерге бөлінетін бюджет қаражатына қатысты.
Астана, NEGE. Наталья Годунованың пікірінше, мемлекет жемқорлық фактілерін анықтаумен ғана шектелмей, олардың алдын алуға басымдық беруі керек. Годунова мұның бір жолы ретінде цифрлық теңгені қолдануды және бюджет қаражатының қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін арнайы таңбалау жүйесін енгізуді ұсынды.
«Ақшаны қолма-қол алу оңай болмауы керек. Қазір таксидің ақысын да картамен төлейміз. Шаруашылық жүргізу немесе инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қомақты қаражатты қолма-қол алудың не қажеті бар?» – деді депутат.
Сұхбат барысында ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшыларының ұсталуын, ұлттық тасымалдаушының қарызын, салықтың өсуін және мемлекеттік сектордағы жемқорлық мәселелерін де талқыладық.
Сондай-ақ Наталья Годуновадан Жоғары аудиторлық палатада қызмет еткен кезінде неліктен үзіліс алғанын, ҚТЖ-ға ауысуына не себеп болғанын және Құрылтайда жалақысы төмен қызметке неге келіскенін сұрадық.
Толығырақ Decaf. подкастының жаңа шығарылымынан көре аласыздар.