Қ.Тоқаев парламентке оппозицияны жіберуді ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттегі саяси азшылықтардың құқықтарын заң жүзінде бекітуді ұсынды.

Алматы, NEGE. «Бізге парламенттік оппозиция институты қажет. Пікірлерін ашық айтатын белсенді азаматтар бар. Біз олардың көзқарастарын, қоғамның пікірін ескеруге тиіспіз. Осыған байланысты парламенттегі саяси азшылықтардың мәселелерін заң жүзінде бекіту қажет. Мәселен, өзге партияның өкілдері парламенттеші комитет төрағалары болуына мүмкіндік берген жөн. Бұл үшін заң шығарушы биліктің баламалығын дамытуға міндеттіміз. Сол үшін тиісті түзетулер енгізу ұсынылады», – деді Тоқаев қоғамдық келісімнің Ұлттық кеңесінің екінші отырысында.

Осы мақсатта Қасым-Жомарт Тоқаев елде саяси партия құруға қойылатын талаптың бірі – тіркеу кезінде 40 мың адамның қолын жинау талабын жеңілдетіп, оның санын 20 мыңға түсіруді ұсынды. Президенттің пікірінше, бұл маңызды қадамды «саяси партиялар» және «сайлау туралы» заңдарға біртіндеп өзгеріс енгізу жолымен жүзеге асыру қажет.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы