Қ.Тоқаев: Қазақстан халқына тиесілі құндылықтардың бәрі мемлекет мүддесіне жұмыс істейтін болады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабқа барып, сөз сөйледі.
Астана, NEGE. Президент Қ.Тоқаевтың айтуынша, алдағы жеті жылда 150 млрд доллар шетелдік инвестицияны тікелей тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ Ұлттық қордың активі 100 млрд долларға дейін көбеймек.
«Бірінші кезекте тұрған мәселе – өңдеуші секторды нығайту, инфрақұрылымды жаңалау, энергетикалық күш-қуатты артыру. Аграрлық салаға да күшті серпіліс жасаймыз, өнеркәсіп саласының негізін нығайтамыз, жоғары сапалы тауар шығаратын жаңа өндіріс орындарын ашамыз. Салықтық, бюджеттік, қаржы-несиелік және тарифтік таза әрі теңгерімді саясат жүргіземіз. Инфляцияны ұстауды жүйелі шараларын қолданамыз.
Міне, дәл осындай экономика халықымыздың әл-ауқатын арттырудың негіңңзі болады. Алдағы жеті жылда 150 млрд доллар шетелдік инвестицияны тікелей тартуды жоспарлап отырмыз. Ұлттық қордың активі 100 млрд долларға артады. Қазақстан халқына тиесілі құндылықтардың бәрі мемлекет мүддесіне жұмыс істейтін болады», – деді президент Қ.Тоқаев.