Кіші Роберт Кеннеди АҚШ президенттігіне үміткерліктен бас тартты

АҚШ президенттігіне тәуелсіз үміткер кіші Роберт Кеннеди сайлауалды науқанын тоқтатып, үміткерліктен бас тартты, деп хабарлайды 24kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Енді ол Дональд Трампты қолдамақ. Бұл туралы ол Аризона штатында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. Кіші Кеннеди мұндай қадамға өзінің жеңіске жете алатынына сенбегендіктен барған.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп саяси додада жеңіске жеткен жағдайда аталған саясаткерге үкіметтен қызмет ұсынуға дайын екенін мәлімдеген еді. Ол үшін кіші Роберт Кеннеди президенттікке үміткерліктен бас тартуы керек деген болатын.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Алматы облысының билігі Марат Омаровтың анасына зауыт салуға қалай рұқсат берді?

Алматы әкімдігі 800 млн теңгеге жер телімін заңсыз сатып алмақ болған