Ксения Балабаева Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен классикалық шахматтан Азия чемпионатында 19 жастағы қазақстандық спортшы Ксения Балабаева қола медаль жеңіп алды.

Instagram/drs_kz

Алматы, NEGE. 7-15 мамыр аралығында өткен сайысқа 23 елден 100 шахматшы қатысқан. Турнир швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар арасында 2 гроссмейстер мен 13 халықаралық спорт шебері болды.

Ксения 9 мүмкіндіктің 7 ұпайын жинап, үздік үштіктен көрінді.

Шешуші, соңғы турда отандасымыз ФИДЕ-нің 2024–2025 жылдардағы әйелдер арасындағы Гран-при турниріне қатысатын, рейтинг көрсеткіші 2359 болатын моңғолиялық Батхуягийн Монгонтуулды сенімді түрде жеңді.

Айта кетейік, чемпионат басталғанда қазақстандық шахматшылар үздік ондыққа да енбеген болатын, сондықтан бұл медаль ел құрамасы үшін ерекше әрі күтпеген жетістік саналады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?