Кроуфорд – әлемнің абсолютті чемпионы!

Әйгілі Лас-Вегаста америкалық боксшы Теренс Кроуфорд төрешілердің шешімімен (116-112, 115-113, 115-113) мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жеңіп, супер орта салмақтағы (76 кг дейін) абсолютті әлем чемпионы атанды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Қорытындысында Кроуфорд төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті (116:112, 115:113, 115:113).

Фото: ғаламтордан

Осылайша, 37 жастағы америкалық жеңіліс дәмін татпастан ойқастап келеді. Ол кәсіпқой рингте өткізген 42 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен (соның 32-сін нокаутпен аяқтаған).

Екі салмаққа көтерілген Кроуфорд енді екінші орта салмақта жаңа абсолютті әлем чемпионы атанды. Бұған дейін ол бұл атақты жартылай орта және бірінші жартылай орта салмақ дәрежелерінде иеленген болатын.

Ал «Канело» барлық чемпиондық белбеулерінен айырылып, мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін ол тек америкалық Флойд Мейвезер мен ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілген еді. 35 жастағы мексикалықтың еншісінде 63 жеңіс (39-ы нокаутпен) және екі тең нәтиже қалды.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды