«Кропаль» қылмыстық тобының жетекшісі делінген күдікті ұсталды

Бұған дейін Алматыда «Кропаль» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі делінген Асылбек Түлетпековті ҰҚК қызметкерлері ұстағаны жөнінде ақпарат тараған еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Астана, NEGE. Бүгін, 3 ақпанда ведомствоның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

«2026 жылғы 2 ақпанда Алматы қаласында ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық ортаның өкілі "Т"-ны ұстады. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Ол аса ірі көлемдегі қаражатты қорқытып алды деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ осы іс аясында Шымкент қаласында оның екі сыбайласының құқыққа қарсы әрекеті тоқтатылған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тергеу жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Головкиннің қолғаптарын 10 млн теңгеге сатып алған бизнесвуменге қатысты іс қозғалды

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды