Криштианудың аңызға бергісіз жанкештілігі

Туриндік 'Ювентус' Италия чемпионатының 17-ші турында сырт алаңдағы ойында 'Сампдорияны' жеңді.

Генуяда өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. "Ювентус" сапында Пауло Дибала (19-шы минут) және Криштиану Роналду (45-ші) гол салды.

Сампдория сапындағы Джанлука Капрари 35-ші минутта гол соғып, кейін екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Жаһандық БАҚ-тың жарыса жазып жатқаны Роналдудың жанкештілігі. Криштиану жеңіс голын соққанда 71 сантиметр жоғары секірді. Допты тепкен сәтте португалиялық ойыншы жерден 256 сантиметр биіктікте болған.