Криштиану Роналду орындалған арманы туралы айтты

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралу туралы арманы орындалғанын айтты.

Алматы, NEGE. «Мені танитындардың бәрі «Манчестер Юнайтедке» деген шексіз махаббатым туралы біледі. Мен ойнаған жылдар және бірге жүріп өткен жол клуб тарихында алтын әріптермен жазылған. Дәл қазір Олд Траффордқа қайтатынымды бүкіл әлемде жариялағанын көріп, сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмай отырмын. Бұл орындалған арман сияқты. Мен тіпті қарсылас ретінде келгенде де, әрқашан жанкүйердің сүйіспеншілігі мен құрметін сезінетінмін. Бұл армандардың 100 пайыз орындалуы! Мен өз орныма оралдым! Тарих тағы бір рет жазылады! P.S. Сэр Алекс, бұл сіз үшін ... » – деп жазды Роналду Instagram-парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады