Криштиану Роналду карантинге жабылды

Белгілі футболист Криштиану Роналду Мадейра қаласында оқшауланды.

Алматы, NEGE. Жаңа COVID-19 коронавирусы «Ювентус» футбол клубының ойыншысы Даниеле Руганиден табылған соң, анасының халінен хабар алу үшін Мадейра қаласына барған Криштиану Роналду да оқшауланған.

Бірақ ойыншының өзінде де, отбасы мүшелерінде де коронавирус белгілері жоқ. Бұл туралы Мадейра денсаулық сақтау министрі Педру Рамош хабарлады.

«Роналду бірнеше күн бұрын Италиядан кеткен. Оны оқшаулау Мадейраға келмей-ақ басталған еді. Әзірге одан да, отбасы мүшелерінен де ешқандай симптомдар байқалған жоқ», - деді Педру Рамош.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?