Криштиану Роналду әлем чемпионатында тарихи рекорд орнатты
2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының үшінші күні Португалия мен Гана құрамалары арасында өткен матчта Криштиану Роналду ерекше көзге түсті.
Алматы, NEGE. Португалия құрамасының көшбасшысы он бір метрден доп соғу мүмкіндігіне ие болды. Айып добын да өзі соғып, командасын алға шығарды. Есеп 1: 0.
Осылайша, Роналду тарихтағы бес әлем чемпионатында гол соққан алғашқы футболшы ретінде рекорд орнатты.