Криштиану Роналду ӘЧ топтық кезеңдегі соңғы ойынға қатыспайды

Футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Қатардағы әлем чемпионатының топтық кезеңдегі соңғы ойынына қатыспай қалуы мүмкін. Бұл туралы құраманың бас бапкері Фернанду Сантуш айтты, деп жазады Vesti.kz.

Алматы, NEGE. "Мен өз футболшыларыма толық сенімдімін. Бірақ, құрама сапында үш футболшы жарақат алды. Әр төрт күн сайын матч өткізу қиын. Футболшылар шаршайды. Бұл стересске алып келеді. Содан кейін олар жарақат алады. 

Ертеңгі ойынға Роналду қатыса ма? Білмеймін. 50 де 50 деп айтар ем. Бүгін Роналду жаттығуға қатысса ойнайды, қатыспаса ойнамайды. Криштиану алаңға шыға алмаса, бізде басқа жоспар бар", - деп келтіреді Сантуштың сөзін ESPN порталы. 

Айта кетейік, Португалия "Н" тобында өнер көрсетеді. Осыған дейін бұл құрама Гананы (3:2) және Уругвайды (2:0) есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне шығып қойды. Соңғы ойында Португалия құрамасы Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды