Криштиану Роналду 30 жастан кейін ең көп гол соққан ойыншы атанды

Португалия командасының капитаны әрі шабуылшысы Криштиану Роналду 30 жасынан кейін ең көп гол соққан ойыншы атанды, деп хабарлайды Kazinform.

 

Алматы, NEGE. 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде 38 жастағы К.Роналду Словакиямен матчта (3:2) қос голдың авторы атанып, өз командасына жеңіс әперді.

Осылайша, Роналду халықаралық деңгейде өзінің 30 жасынан кейін 73-голын енгізді.

Мұндай нәтижеге 192 елден ешкім жетіп көрген емес.

Бұл мемлекеттердің қатарында Германия, Франция, Италия, Англия, Испания, Нидерланд, Швеция, Хорватия, Дания, Уругвай, Колумбия, Чили, Мексика, АҚШ, Мысыр, Гана және басқалар бар.

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында J тобында Португалия құрамасы 21 ұпай жинап, көш бастап тұр.

Роберто Мартинестің командасы қазірдің өзінде Еуропа біріншілігіне өтті деуге болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр