Криштиану Роналду тағы бір рекорд орнатты

Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 22 жыл қатарынан құрамасының сапында гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы болды.

sovsport.ru

Алматы, NEGE. Бұл туралы Report жазды. 40 жастағы шабуылшы бір күн бұрын Ұлттар лигасының ширек финалдық қарымта кездесуінде Дания құрамасына қарсы ойында гол соққан болатын.

Португалиялықтар скандинавиялықтарды қосымша уақытта 5:2 есебімен жеңді.

Криштиану Роналдудың еншісінде 929 гол бар. Жалпы, Роналду Португалия құрамасының сапында 217 матч өткізіп, 136 гол соққан. Португалия құрамасының құрамында Роналду 2016 жылы Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек