Криштиану Роналду гол соғудан әлем рекордын жаңартты

Португалиялық шабуылшы, «Аль-Наср» клубының ойыншысы Криштиану Роналду футбол тарихында алғаш рет төрт түрлі клубта және ұлттық құрамада 100 голдан соққан алғашқы ойыншы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

sovsport.ru

Алматы, NEGE. 40 жастағы форвард Сауд Арабиясы Суперкубогының финалында «Аль-Ахлиге» қарсы ойында пенальтиден гол соғып, Эр-Рияд клубындағы 100-ші голына қол жеткізді.

Роналдудың көрсеткіші: 450 гол — мадридтік «Реал» сапында, 145 гол — «Манчестер Юнайтед» құрамында, 101 гол — «Ювентус» клубында, 100 гол — «Аль-Наср» сапында, 138 гол — Португалия құрамасы үшін.

Бұған дейін Роналду Forbes дерегінше әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшы атанған еді. Оның бір жылдық табысы 275 миллион долларды құрап, тарихтағы белсенді спортшылар арасындағы үшінші көрсеткішке тең болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен