Krisha.kz қосымшасында жалған хабарландырулар жариялаған ер адам ұсталды

28 ақпан Ақтөбе облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Павлодар қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады.

Алматы, NEGE. Күдікті 2022 жылдың маусым айынан бастап Krisha.kz қосымшасында пәтерді ұзақ мерзімге тапсыру туралы жалған хабарландырулар орналастырған, содан кейін жәбірленушілерден ақшалай қаражатты алған. Сенімді азаматтар қолма-қол ақшаны алдын-ала жалған абоненттік нөмірлерге бірлік түрінде аударған. Шығын көлемі шамамен 1 млн теңге.

Ұсталған адамның интернеттегі алаяқтықтың 5 фактісіне қатысы бар екендігі анықталды.