Криптовалютаны заңсыз иеленген Алматы қаласының тұрғыны сотталды

Бостандық ауданының аумағында тараптар арасында криптовалютаны алып сату бойынша мәміле жасалған.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Белгісіз «X» азамат жәбірленушіні алдап, крипто әмиянының жалған шотын хабарлаған.

Нәтижесінде ол жәбірленушінің 67 млн теңге көлемінде ақшасын иеленді.

Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сот сотталушыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушіге 19,5 млн теңге көлемінде қаражат қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енді.