17 октября 2024 г. 18:00

Криптовалютаны қалай сатып алуға болады?

Фото: ғаламтордан

Cоңғы уақыттары «криптовалюта» термині халық арасында кеңінен таралып жүр. Бірақ, елімізде криптовалютаны қалай сатып алуға болатыны туралы нақты ақпараттар жоқ. Олай болса, сіздерге цифрлық валюта жөніндегі биржалар мен платформалардың тізімін ұсынамыз

Дүниежүзінде кез келген елдің өз валютасы бар. Мысалы, АҚШ-та доллар, Еуропада евро, Қытайда юань, Қазақстанда теңге. Тура сол секілді, интернет әлемінің де өз валютасы - криптовалюта. Бұл валютаның бүгінде төрт түрі енгізілген: биткоин, альткоин, стейблкоин, токен. Бір биткоинның бағасы қазір 33 млн теңге. Тура доллар сияқты бағасы өсіп немесе түсіп отырады. Кейбір мемлекеттер криптовалютаны заңды түрде енгізіп қолдаса, Индонезия, Алжир, Вьетнам, Марокко сияқты мемлекеттер керісінше қарсы. Ал Қазақстанда, криптовалютаны сатып алуға рұқсат етілген, бірақ бұл валютамен қаржылық операциялар жасауға болмайды. Яғни, елімізде биткоиндар арқылы қандай да бір затқа төлем жасай алмайсыз.

Қазақстанда криптовалютаны сатып алудың үш түрі қарастырылған: криптовалюта биржалары, арнайы криптовалюта айырбастау пунктері(онлайн), P2P платформалары.

1. Криптовалюта биржалары:

· Binance: қазақстандықтар үшін қолжетімді әлемдегі ең ірі биржалардың бірі.

· Coinbase: ыңғайлы интерфейсі бар биржа.

· Хуоби: Азия нарығына бағытталған биржа, Қазақстанда да құндылығы жоғары.

· Kraken: сенімді және қауіпсіз биржалардың бірі.

2. Криптовалюта айырбасту пунктері:

· Changelly: криптовалюта сатып алудың жылдам және ыңғайлы тәсілін ұсынады.

· ShapeShift: әртүрлі криптовалюталарды айырбастауға болады.

· BestChange: тарифтерді салыстыруға және ең тиімді опцияны таңдауға мүмкіндік беретін айырбастау  агрегаторы.

3. P2P платформалары:

· LocalBitcoins: жеке тұлғалардан валютаны сатып алуға болатын криптовалюталық саудаға арналған платформа.

· Paxful: әртүрлі төлем әдістерін қарастырады. Соның ішінде, банктік аударымдарды пайдалана отырып өзара сауда жасауға болатын платформа.

Сатып алу процесі:

1.Өзіңіз таңдаған платформаның бірінде тіркеліңіз.

2. Тексеруден өтіңіз.

3. Криптовалютаны таңдаңыз.

4. Соманы енгізіңіз.

5. Төлем әдісін таңдаңыз: «Google Pay», «Apple Pay»

6. Транзакцияны аяқтаңыз.

Маңызды:

· Қауіпсіздік: тіркелу барысында күшті құпия сөздер мен екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз.

· Салықтар: Қазақстанда криптовалюталар үшін салық ережелері бар.

· Тәуекелге бару: криптовалюталар тұрақсыз актив болып табылады, олардың бағасы күрт өзгеруі мүмкін екендігін естен шығармаңыз.

Қосымша кеңестер:

· Нарықты зерттеңіз: әртүрлі криптовалюталар, олардың пайдасы мен алаяқтар туралы оқыңыз.

· Ең бірінші аз  мөлшерден бастаған жөн.

· Криптовалютаңызды қауіпсіз жерде сақтаңыз.

Сіздің ақшаңыз үшін тек өзіңіз ғана жауап бересіз. Сол үшін, биткоиндарды сатып алу барысында әрбір іс қимылыңызды аңдап басыңыз.