«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты күнделікті өмірде жиі қолданылатын тұрмыстық зат атауларына қазақша балама ұсынуға арналған республикалық байқау жариялады.

istockphoto.com

Астана, NEGE. Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Тұрмыстық зат атаулары шеберханасы» атты республикалық байқау жариялады.

Жоба күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылып кеткен орыс тіліндегі атауларға қазақы реңк беріп, құлаққа сіңімді балама табуға бағытталған. Байқаудың басты мақсаты – тіл қорын жаңғыртып қана қоймай, көмескі тартқан төл сөздердің тынысын ашып, қолданыс аясын кеңейту.

Байқау 24 сәуір мен 13 мамыр аралығында өтеді. Қатысушыларға «кресло», «жалюзи», «комод», «плинтус», «розетка», «простыня», «пододеяльник», «плед», «контейнер», «тумбочка», «раковина», «миксер», «мультиварка», «кондиционер» сияқты тұрмыста жиі қолданылатын атауларға қазақша балама ұсыну міндеті қойылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жалаң аударма емес, ұсынылған сөздердің мағынасы дәл, тілдік табиғаты мен қолданыс қисыны үйлесімді болуы қажет.

Сонымен қатар, байқау талаптарына сәйкес қатысушылар Қазақ тілінің ұлттық корпусы (qazcorpus.kz) туралы әлеуметтік желіде жазба жариялап, институттың ресми парақшасын белгілеуі тиіс.

Жүлдегерлерге ақшалай сыйақы қарастырылған. Қатысушылар өз жұмыстарын 10 мамырға дейін жолдауы керек. Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 15 мамыр күні Алматыдағы Ғылым ордасында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды