Кредит алып баюға бола ма?
Қазақстанда кредит алып байыған адамдар аз емес. Көбісі өз жағдайларын гиперинфляция дәуірінде, яғни 1991-1998 жылдар аралығында жақсартып алды. Олардың банктен алған қомақты қаржысы бір жылдан кейін түкке тұрмайтын тиын болып қалды. Жекешелендіруге қатысқан, банктен алған кредиттерін пайдаланып зауыттар мен фабрикалар, ғимараттар мен түрлі нысандар сатып алуға үлгерген және оған батылдығы мен өресі жеткен азаматтар осы күндері мол байлыққа кенеліп отыр. Ал қазір ше? Ондай мүмкіндік бар ма? Nege.kz сіз бұған дейін білмей келген, кредиттен баюдың бар құпиясын ашпақ.