Красноярскіде «қара аспан» режимі енгізілді

Красноярскіде 3 тәулікке «қара аспан» режимі енгізілді. Бұл туралы жергілікті экология  министрлігі хабарлады.

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, мұндай шара Якутиядағы орман өртіне байланысты қабылданған. Енді осы уақыт аралығында барлық кәсіпорындар ауаға кететін зиянды заттар шығарындыларын азайтуы тиіс. Естеріңізге сала кетейін, аймақтағы алапат өрт шілдеден бері жалғасып келеді. Соның салдарынан мыңдаған елді мекен түтінге тұншығып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды