ҚР Жоғарғы сотына жаңа төраға сайланды

Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы болып Асламбек Мерғалиев сайланды.

Алматы, NEGE. Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысының ұсынуымен еліміздің Жоғарғы сотының төрағасын қызметінен босату және сайлау, сондай-ақ оның антын қабылдау Сенаттың қарауына жатады.

Осы орайда ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Жоғарғы Сотының төрағасы лауазымына А.Мерғалиевті сайлау туралы Мемлекет басшысының ұсынымын таныстырды.

Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары аталған ұсынымға қолдау білдіріп, Жоғарғы соттың жаңа төрағасын бекітті.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр