ҚР ҰҚК Академиясының курсанты суицид жасады

30 сәуірде Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының жатақханасында 3-курс курсантының денесі табылды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру. 

Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Хабарламада марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті қолдау көрсетілетіні айтылған.