ҚР СІМ Таулы Карабахта әскери іс-қимылдардың тоқтатылуына қатысты мәлімде жасады

ҚР СІМ Әзербайжан Республикасы президентінің, Армения Республикасы премьер-министрінің және Ресей Федерациясы президентінің Таулы Карабах қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалайтынын хабарлады.

Алматы, NEGE. Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Карабах проблемасын реттеу үшін негіз бола алады.

– Осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз.

Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенеміз, – делінген хабарламада.