ҚР СІМ өкілі Мәсімовтің азаматтығына қатысты пікір білідірді

Бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің Венгрия азаматы деген төлқұжаты болғаны хабарланған еді.

Алматы, NEGE. "Венгрия тарапының бізге берген мәліметінше, Мәсімов мырзаның мұндай азаматтығы болмаған. Қосымша ақпарат түскен жоқ. Біздің елде қос азаматтыққа тыйым салынған және басқа елдің азаматтығын алған адам автоматты түрде біздің азаматтықтан айырылады", - деп жауап берді Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.