ҚР СІМ басшысы ресейлік әріптесімен телефон арқылы сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Астана, NEGE. Министрлер ағымдағы жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесін және Қазақстан-Ресей қатынастарының халықаралық шарттар базасын кеңейту жолдарын талқылады.