ҚР Президенті түрік жазушысын марапаттады

Түркия астанасы Анкарада Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты.

Алматы, NEGE. Сайттаға ақпараттарға қарағанда, іс-шара барысында Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы М.Әуезовтың «Абай жолы» романын жақында түрік тіліне аударған белгілі түрік ақыны, жазушы Зафер Кибарға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес берілген Қазақстанның мемлекеттік наградасы – II дәрежелі «Достық» орденін табыстады.

Өз кезегінде З. Кибар табысталған орден үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, қазақ халқына алғысын білдіріп, Абайдың барша адамзатты ағартар терең сөздерді жай айтып қана қоймай, қағаз бетіне түсіріп, өшпес мұра қылып кеткені жайлы сөз қозғады.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты