ҚР Президенті: Қатаң эпидемиялық бақылау енгізу керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шет елдермен, әсіресе жағдай күрделеніп тұрған мемлекеттермен жол қатынасын барынша оңтайландыруды тапсырды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Біріншіден, басқа мемлекеттерде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде бақылауды күшейту керек. 2020 жылдың 5 қазанындағы жағдай бойынша, Ресейде коронавирус жұқтырудың 12 608 (өсім шамамен 1 пайыз), Өзбекстанда 374 (өсім 0,5 пайыз), Қырғызстанда 244 жағдай (өсім 0,5) тіркелді», - деді Президент коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзінде.

Президенттің есептеуінше әуежайларда, теміржол вокзалдарында қатаң эпидемиялық бақылау режимін қайта енгізіп, «қызыл аумақтан» келетін адамдарды экспресс-тестілеуден өткізу мәселесін жолға қою керек. «Үкімет шет елдермен, әсіресе жағдай күрделеніп тұрған мемлекеттермен жол қатынасын барынша оңтайландыру керек», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Талғарда 20 жастағы жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды

«Халықты адастыру»: депутат ІІМ-ді қатаң сынады

Британия парламенті жастарға темекі сатуға өмір бойы тыйым салатын заңды мақұлдады

Рахат Тұрлыхановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды