ҚР Президенті Байденді жеңісімен құттықтады

Қазақстан президенті Қ.Тоқаев АҚШ президенттігіне үміткер Д.Байденді жеңісімен құттықтады.

Алматы, NEGE. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында өткен президент сайлауында ең көп дауыс жинаған Джо Байденді құттықтады. Мемлекет басшысы Джо Байденге шын жүректен жылы лебізін жеткізіп, алдағы уақытта екі ел арасында жемісті ынтымақтастық орнайтынына сенім білдірді.

Еске сала кетейік, бүгін Америка Құрама Штаттарында өтіп жатқан президент сайлауында демократиялық партия атынан бақ сынаған Джо Байден жеңіске қажет дауысты жинады. 77 жастағы Байден таңдаушылардың 273 даусын жинап, Американың қазіргі президенті, республикалық партия үміткері Дональд Трампты басып озған. Сайлаудың соңғы қорытынды нәтижесі 14 желтоқсаннан кейін белгілі болады.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған