ҚР Премьер-министрі қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Премьер-министрінің ресми сайтында жарияланды.

«Құрметті отандастар! Сіздерді еліміздің тарихындағы айтулы оқиға — Қазақстан Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын! Басты Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және унитарлық мемлекет ретіндегі негіздерін бекітіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды. Мемлекетіміздің сенімді конституциялық негізі құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Барша қазақстандыққа зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен табыс тілеймін!», деді.

Қазір оқып жатыр

Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?

Яна Легкодимованың қазасы: сотталғандарды этаптау үшін арнайы күзет сұратылған

Бітіру кешіне қаржы жинауға қатаң тыйым салынады – Оғу-ағарту министрлігі

Мұнай тағы да күрт қымбаттады