ҚР ІІМ Кинологиялық орталығының басшысы ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ Кинологиялық орталығының басшысына қатысты лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Алматы, NEGE. А.Болғымбаева 2021-2022 жылдары өзінің қарамағындағылардан жалпы сомасы 1 миллион 675 мың теңге ақшалай сыйлық алды деген күдікке ілінген болатын.
«19 мамырда Алматы қаласы бойынша Түрксіб аудандық сотының үкімімен Болғымбаева мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды», – делінген Антикор хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.