ҚР Энергетика министрлігі басшылығының мессенджерлеріне хакерлік шабуыл жасалды

Белгісіз хакерлер ҚР Энергетика министрлігі басшылығының мессенджерлерін бұзды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Ілиясовтың айтуынша, хакерлік шабуыл нәтижесінде шенеуніктердің нөмірлері зиянды сілтемелерді, жалған ақпараттарды тарату үшін пайдаланылуы мүмкін.

«Барлық қызметкерлер мен азаматтардан біздің министрліктің нөмірлерінен түскен күдікті хабарламаларға жауап бермеуді және бұл туралы біздің қауіпсіздік қызметтерімізге дереу хабарлауды сұраймыз», - деді Шыңғыс Ілиясов.

Қазіргі уақытта мессенджерлердің қауіпсіздігін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді