Көзіне оқ тиген подполковниктің жағдайы қалай?

Қордайдағы қақтығыс кезінде

 Алматы облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары, подполковник Серік Жүнісбеков жарақат алғанын жазған едік. 

Алматы, NEGE. ҚР Ішкі істер министрлігіне хат жолдап, Серік мырзаның жағдайын білдік. Өйткені оқ ұшқыны тура көзге тиген. Жарақат жайында подполковниктің өзі: «Қордай ауруханасында кезекші хирургтар алғашқы көмек көрсетіп, жарақат асқынып кетпес үшін қорғасынды алды. Сөйтті де, мені Алматыға жіберді. Осы жерде ота жасап, көз ұясын тазалап, жарақатты тігіп берді» деген болатын.

Тақырыпқа орай: Оқ тиген көзімнен қан атқақтай жөнелді

 

ҚР ІІМ қарасты Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаменті бастығының орынбасары О.Иващенко: «Подполковникке қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта денсаулық жағдайы қанағаттанарлық» дейді. 

Қазір оқып жатыр

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты