Қайрат Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу басталды

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. 

senate.parlam.kz

Алматы, NEGE. Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген күдікке ілінді.

- Барлық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды, - делінген ақпаратта.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Бас прокуратура Қайрат Қожамжаровтың «Қорғас ісіне» қатысы барын растаған еді.

Еске сала кетсек, Алматы облысындағы кеден бекеттерінде ірі көлемдегі ұрлық деректері туралы Қаржы полициясы 2011 жылдың соңында хабарлаған болатын. Ол жерде 100-ден астам адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет еткен.

Қаржы полициясының мәліметінше, бұл қылмыстық топтың жұмысына қылмыстық құрылымдардың өкілдерімен бірге құқық қорғау органдарының жекелеген лауазымды тұлғалары да тартылған. Олар топты қаржылай сыйақы үшін қолдап отырған.

Қазір оқып жатыр

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды