Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеттің 3 бірдей оқытушысы «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеттің 3 бірдей оқытушысы «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы университет

Түркістан, NEGE. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 183 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болды. Оның ішінде 33 қазақстандық ғалымға әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылым және экономика үшін аса маңызды бағыттар бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге гранттар бөлінді.

Айтулы стипендияға ие болған Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеттің оқытушылары:

  1. Медицина факультеті, Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер кафедрасының меңгерушісі, Ph.D, аға оқытушы – Омарова Балнұр Әділбекқызы.
  2. Медицина факультеті, Фундаментальды ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, Ph.D, доцент м.а. – Саржанов Фахриддин Нурмахамедович. 
  3. Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасының , Ph.D, аға оқытушы – Саржанова Шахноза Мамаджановна.

Олар Америка Құрама Штаттарының Сан-Диегодағы Калифорния университетіне «Қоғамдық, экологиялық және кәсіби денсаулық сақтау» және «Микробиология» ғылыми бағыттары бойынша жолдамаға ие болды. Осылайша, оқытушылар әлемнің үздік жоғары оқу орнында 1 жыл ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. 

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейірхан сталкинг бойынша күдікке ілінген

«15 мың төлеймін, бірақ интернет жоқ»: депутат интернет сапасына шағымданды

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді