Қозғалтқышы істен шыққан санитарлық рейс Алматы әуежайына қонды

«Алматы- Семей» бағытында ұшқан ұшақ қозғалтқышы істен шығып, әуежайға қайтып келді.

Алматы, NEGE.  Семей бағыты бойынша санитарлық рейс жасаған ұшақтың қозғалтқышы істен шықты.

«Бүгін, 3 қыркүйекте түскі сағат 11:12-де Алматы – Семей бағыты бойынша ұшып бара жатқан EastWing әуекомпаниясының EWZ1149 ЯК – 40 санитарлық рейсі апат дабылын қақты. Бұған себеп – сол жақ қозғалтқыштың істен шығуы. Ұшақ ұшу аэродромына сағат 11:17 сәтті қонды»,- деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметінше, ұшу кезінде әуе кемесінің бортында екі дәрігер мен 5 экипаж мүшесі болған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді