Ковидтің алтыншы толқыны басталды

Коронавирус құрып кеткен жоқ. Израиль билігі елде ковид індетінің 6-толқыны басталғанын ресми жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.

Алматы, NEGE. Ауру жұқтыру көрсеткіштері мамандарды мамыр айынан бері алаңдата бастады. Науқастар саны өсіп, вирустың таралуы жиіледі. Бұл бір науқастың қанша адамға жұқтырғанын сипаттайтын көрсеткіш. 7 маусымда 16 мыңнан аса, 8 маусымда 19 мың, ал 10 маусымда 22 мың науқас анықталды.

Денсаулық сақтау министрлігі «елде індеттің алтыншы толқыны басталды» деп дабыл қақты. Алайда ол көп қасірет әкелген дельта штамынан жеңіл өтуі мүмкін.

Вирус расында да әлсіреді. Вакциналау індетті құртқан жоқ. Дегенмен, өз көмегін тигізді. Денсаулық сақтау министрлігі халықтың осал топтарына үшінші екпе салуға нұсқау берді. Мамандар маска тағу тәртібінің күшін жою асығыс шешім болды дейді.

Індеттің жаңа толқыны басталғандықтан мамандар карантиндік шектеулердің бірқатарын қайта енгізу керек дейді. Маска тағып, үнемі қол жуып, адам көп жиналатын орындарға бармау керек. Коронавирус әлсірегенмен әлі де қауіпті дерт.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты