Костенко шахтасындағы жарылыс толқыны 2 шақырымға жеткен
Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директорының орынбасары Геннадий Силинский өңірлік брифингіде айтты, деп хабарлады Kazinform.
Алматы, NEGE. «Жарылыс толқыны 2 шақырым болды. Бұл шахтада тексеру 9 қазаннан 30 қазанға дейін жүргізілуі тиіс еді. Алдыңғы тексерулердің нәтижесінде 200-ден астам бұзушылық табылған. Негізгі бұзушылық – газ мөлшерін бақылаудың сапасыздығы. Осы тұрғыда тиісті бақылау болмаған», - деді Геннадий Силинский.