Костенко шахтасындағы апатқа айыптыларға сот үкімі шықты

Қарағандыда 2023 жылдың күзінде Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты сот процесі аяқталды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жарылыс салдарынан 46 кенші жер астында мерт болған еді.

Алихан Бөкейхан атындағы аудандық соттың судьясы Бахтияр Аханов кеншілердің өліміне әкелген апатқа байланысты үкімін жариялады. Айыпталушылар қатарында 10 адам.

Сот үкіміне сәйкес келесідей жаза кесілді:

Сергей Мустивко, Костенко атындағы шахта директоры — 8 жыл бас бостандығынан айырылды;

Вадим Ерёмин, өндіріс жөніндегі директордың орынбасары — 7 жыл;

Николай Грознов, бас инженер — 7 жыл;

Виктор Коптенков, № 6 учаске бастығы — 7 жыл;

Владимир Гонноченко, қазба жұмыстары жөніндегі бас инженердің орынбасары — 6 жыл 6 ай;

Дмитрий Федоренко, еңбекті қорғау жөніндегі бас инженердің орынбасары — 6 жыл;

Владимир Шишканов, желдету және еңбекті қорғау учаскесінің бастығы — 5 жыл;

Дмитрий Коцар, бас механик — 6 жыл;

Виталий Пестрятак, шаң-жарылысқа қарсы қорғау учаске бастығының көмекшісі — 6 жыл;

Төлеген Ғабдүшев, конвейерлік тасымалдау учаскесінің бастығы — 5 жыл.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды