Коста-Рика алғаш болып балалар үшін міндетті вакциналау енгізді

Коста-Рикада әлемде алғашқы болып 12 жасқа дейінгі балалар үшін міндетті вакциналау енгізді.

Алматы, NEGE. Енді 5-11 жас аралығындағы тұрғындар келесі жылдың наурызынан бастап екпе салдыратын болады. Орталық Америкадағы бұл мемлекет билігі Файзер компаниясымен келісімшартқа қол қойған. Сөйтіп келесі жылы мұнда препараттың 3 жарым миллион дозасы жеткізіледі. Оның бір бөлігі балаларға екпе салуға, қалғаны осал топқа кіретін ересек тұрғындарды қайта вакциналауға арналған. Жалпы, халық саны 5 миллионға жуықтайтын Коста-Рикада осы күнге дейін жасы 12-ден асқан тұрғындардың жартысынан астамы екпенің қажетті екі компонентін де алған екен.  

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды