Қостанайдағы Жітіқара ауданының көшелерін су шайып өтті

Қостанай облысы Жітіқара ауданында күннің жылынуы мен қардың қарқынды еруі салдарынан республикалық маңызы бар KZ10-05 «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 9-шақырымында жолды су шайды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасы хабарлады.

ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Олардың мәліметінше, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы бейтарап аймақта орналасқан Желқуар өзенінің суы көтерілді.

"Ұзындығы 40 метр, биіктігі 10 сантиметрге дейін жететін су шаю Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы бейтарап аймақта, Желқуар өзені бойында болды. Бұл көпір өткелінің болмауына байланысты жыл сайын қайталанатын маусымдық құбылыс. Елді мекендерге қауіп жоқ, көлік қозғалысы сақталған", – делінген хабарламады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Аталған аумақта жүргізушілерге мүмкін болатын қауіптер туралы ескертетін белгі бағаналары орнатылды. Қазір жағдай бақылауда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр