Қостанайдағы сайлау учаскесінде Қыдыр ата дауыс берді

Қостанай қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде ерекше оқиға болды. Наурыз мейрамының символы саналатын Қыдыр ата тұрғындармен кездесіп, дәстүрлі бата беріп, кейін өзі де дауыс беруге қатысты.

Қостанай облысы әкімдігі

Астана, NEGE. Шара барысында Қыдыр ата ақ тілегін айтып, елге амандық пен бірлік тіледі.

«Наурыз береке мен молшылық әкелсін, отбасыларың аман болсын, ел бірлігі нығайсын!» – деп бата берді ол.

Қостанай облысы әкімдігі

Осыдан кейін Қыдыр ата сайлау учаскесінде дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті. Учаскеге келген тұрғындар мерекелік кейіпкерді қызығушылықпен қарсы алып, онымен суретке түсіп, жылы әсерлерімен бөлісті.

Қыдыр атаның келуі учаскеге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлап, Наурыздың рухын сезіндірді. Бұл сәт халықтың мәдени дәстүрлері мен қоғамдық өмірінің өзара сабақтастығын көрсеткен жарқын көрініске айналды.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты