Қостанайдағы балабақшада тәрбиеші балаға қол көтерген

Әлеуметтік желіде тәрбиешінің баланы ұрып, жұлқылағаны түсірілген видео тарады. 

видеодан скриншот

 Алматы, NEGE. Оқиға Қостанайдағы балабақшалардың бірінде болған.

Видео сипаттамасында оқиғаның балабақшада болғаны айтылған. Кадрда тәрбиешінің баланы ұрып, кейін оны сүйреп әкеп орындыққа отырғызғаны көрсетілген. Бұл видеоға қатысты қалалық білім бөлімінің өкілдері пікір білдірді.

Бұл оқиға шынымен болған. Бүгінде тәрбиеші жұмыстан босатылды. Әрі қарай іс заң аясында қаралады, - деді ведомстводағылар.Бұл оқиғаға қатысты Қостанай қалалық полиция департаменті де түсінік берді.

Факті тіркелді. Тәрбиешіні әкімшілік жауапкершілікке тартуға материал жиналды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Материалды әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сот қарайды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты